Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы

Мемлекет басшысына Қарағанды облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және өңірді одан әрі жаңғырту жоспары туралы ақпарат ұсынылды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша облыс экономикасы 2,9 пайызға артып, өнеркәсіп өндірісі 4,9 пайызға ұлғайды. Айтарлықтай қарқын машина жасау саласында байқалды, өсім – 26,2 пайыз. Өңірдің 2032 жылға дейінгі инвестициялық портфелі жалпы құны 7 триллион теңгені құрайтын 186 жобадан тұрады. Оны іске асыру 36 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жаңа өндіріс орындарын құруға, шикізатты қайта өңдеуге, минерал-шикізат базасын нығайтуға, сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторларды тартуға ерекше назар аударылып отыр.

Бұдан бөлек, Президентке агроөнеркәсіп кешені мен тұрғын үй құрылысын ілгерілету, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жөнінде баяндалды. Соңғы үш жылда Қарағанды облысында ауылдарға арналған 92 денсаулық сақтау нысаны мен 13 мектеп салынып, білім беру мекемелерін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Спорт, мәдениет, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бағыттарындағы жобалар қолға алынды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында елді мекендер абаттандырылып, жаңа қоғамдық кеңістіктер мен экосаябақтар бой көтеруде.

Болжамға сәйкес, жыл қорытындысы бойынша облыс экономикасы 4 пайызға өседі. Өнеркәсіп әлеуетін кеңейту, инвестициялық жобаларды іске асыру және халықтың өмір сүру сапасын арттыру арқылы өңірді одан әрі өркендету жұмыстары жалғаса береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Көру саны:3, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы (ОАӨЭЫ) елдерімен тауар айналымы $8,8...

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы Мемлекет басшысына Қарағанды облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инвестициялық жобалардың жүзеге...

2026 жылғы 31 қазанда «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тағы бір тарихи оқиға орын алды. Амур есімді аталық жолбарыс табиғи...