Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды

Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды

Шымкентте Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасы жалғасуда. Тұжырымдама аясында 66 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды.

Тұрғындар тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшірілуде.

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Конституция күні қарсаңында Нұрлыбаев көшесі 3 мекен жайдағы апатты үйде тұратын тағы 8 отбасына жаңа пәтер кілттерін табыстады.

Тұрғындарды қуанышымен құттықтап, аталған бағдарламаның мегаполисті дамытуда, халықтың өмір сапасын арттыруда маңызы зор екенін атап өтті.

Жобада көпқабатты тұрғын үйлермен қатар өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандарды кезең-кезеңімен салу жоспарланған. Сонымен қатар аталған елдімекенді кешенді түрде абаттандыру қарастырылған.

Бұл өз кезегінде тұрғындардың өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, балалар алаңдары, демалыс орындары мен жасыл аймақтар салу арқылы тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру көзделуде.

Қала әкімдігі тарапынан әлеуметтік әлжуаз топтарға басымдық беріліп, олардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі – басты назарда.

Әсіресе, апатты және тозығы жеткен үйлерде тұратын отбасылар үшін бұл жоба үлкен көмек болуда. Көксай тұрғындарының айтуынша, жаңа пәтерлер кең, жарық әрі барлық жағдай жасалған.

Кешенді жаңғырту жұмыстары алдағы жылдары да жалғасады. Қазіргі таңда келесі кезеңнің жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Басты мақсат – Көксайды заманауи талаптарға сай шағынауданға айналдыру. Бұл бағытта тұрғындардың пікірлері де ескеріліп, әрбір өзгеріс қоғаммен тығыз байланыста жүзеге асуда.

Осылайша, Шымкентте әлеуметтік әділеттілік пен қолайлы қала ортасын қалыптастыруға нақты қадамдар жасалуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жасанды интеллект негізінде мемлекеттік...

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің...

ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті,...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл...