Қаратау ауданында көп қабатты үйлерді басқарудың жаңа нысаны түсіндірілді

Қаратау ауданында көп қабатты үйлерді басқарудың жаңа нысаны түсіндірілді

Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов аудан аумағына қарасты көп қабатты үйлердің үй басқарушыларымен онлайн мәжіліс өткізілді. Мәжіліс барысында аудан басшысы көп қабатты үй тұрғындарына МИБ (мүлік иелерінің серіктестігі) жəне ҚС (қарапайым серіктестік) құруының маңыздылығы мен ерекше тұстарын түсіндірді.

Сондай-ақ, аудан басшысы жалпы басқарудың екі нысаны қарастырылғанын айтып, оларға Заң аясында кеңінен тоқталып өтті. Осы орайда, мүліктің меншік иелерінің бірлестігі (ММИБ)– бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум нысанын басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін, «бір үй- бір ММИБ- бір есепшот» принципіне негізделген заңды тұлға ретінде тіркелген коммерциялық емес ұйым екенін айтты.

Жай серіктестік (ЖМ) - заңды тұлға құрмай, «бір үй – бір ЖС – бір есепшот» принципі бойынша жұмыс істейді. Бір іргетаста орналасқан не үйге ортақ бірыңғай инженерлік жүйелері бар көппәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамының келісімі бойынша бір ММИБ немесе ЖС құруға құқылы екенін жеткізді.

Сонымен бірге, онлайн мәжіліс барысында үй басқарушылары тарапынан аталған мәселеге байланысты сауалдар қойылып, шешімін табу жолдары ортақ талқыланды.

Қазіргі таңда Қаратау ауданында 9 меншік иелерінің бірлестігі және 139 жай серіктестік құрылған, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Көру саны:3, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы (ОАӨЭЫ) елдерімен тауар айналымы $8,8...

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы Мемлекет басшысына Қарағанды облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инвестициялық жобалардың жүзеге...

2026 жылғы 31 қазанда «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тағы бір тарихи оқиға орын алды. Амур есімді аталық жолбарыс табиғи...