«Таза Қазақстан»: Шахтинск жастары су қоймасы жағалауын тазартты

«Таза Қазақстан»: Шахтинск жастары су қоймасы жағалауын тазартты

Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы Шахтинск қалалық Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, қаладан тыс орналасқан су қоймасы маңында экологиялық акция ұйымдастырды. 

Шара барысында пластик пен шыны қалдықтары бар 50-ден астам қап қоқыс жиналды, жағалаудың 2 шақырымнан астам аумағы тазартылды. Сондай-ақ демалушыларға табиғатты таза ұстаудың маңызы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Акцияға еріктілер, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және қала тұрғындарын қоса алғанда, 60-тан астам адам атсалысты.

Бұл бастама мемлекеттік мерекеге орай өткізілген іс-шаралар топтамасының бір бөлігіне айналып, жастардың экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы және азаматтық белсенділікті арттырудағы маңызды рөлін айқын көрсетті.

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жасанды интеллект негізінде мемлекеттік...

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің...

ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті,...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл...