«Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасы аясында 1000-ға жуық қандас баспаналарын сатып алу құқығына ие

«Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасы аясында 1000-ға жуық қандас баспаналарын сатып алу құқығына ие

«Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасы аясында 975 пәтер иесі баспаналарын сатып алу құқығына ие. 2010-2011 жылдары аралығында «Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасымен Өзбекстан елінен келген қандастарға бюджет есебінен Асар шағынауданынан 975 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген болатын.

Осыған орай Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының, Қаратау ауданы әкімдігінің, «Отбасы банк» ШҚФ-ның, «Шымкент күрделі құрылыс» ЖШС-нің, «Ел-Аманаты» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бағдарлама қатысушыларының арасында «Асар» шағынауданынан берілген тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалдау шарттарының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кету керек, Бағдарлама операторлары Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы және «Отбасы банкі» АҚ-ы болып табылады. Тұрғын үйлер бағдарламаға қатысушы азаматтарға сатып алу құқығымен 8 жылға жалға беріліп, жалдау шартының талаптарына сәйкес, тұрғындар аталған банктің арнайы депозит шоттарында белгіленген көлемде салымдар (жинақ жарналарын) салып отыруы тиіс. Бүгінгі таңға дейін Шымкент қаласы бойынша 104 азамат мерзімінен бұрын жинақтау шартын орындап, жеке меншігіне аударған, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Аким Алматы Дархан Сатыбалды в ходе пешего обхода ул. Жансугурова ознакомился с реализацией проектов благоустройства, состоянием инфраструктуры и...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Жансүгіров көшесін жаяу жүріп, көріктендіру жобаларының жүзеге асырылу барысымен, инфрақұрылымның жай-күйімен және...

Президентке АХҚО қызметінің 2025 жылғы және 2026 жылдың I тоқсанындағы негізгі нәтижелері, сондай-ақ Орталықты одан әрі дамыту жоспары таныстырылды, деп хабарлайды ...

Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмаздың қатысуымен екі елдің іскер...