Сел қауіпті кезеңі аясында мұздақ көлдердегі алдын алу шаралары

Сел қауіпті кезеңі аясында мұздақ көлдердегі алдын алу шаралары

Еліміздің таулы аймақтарында сел қауіпті кезеңнің белсенді фазасы жалғасуда. Мұздақ көлдердің жарылуы мен сел тасқынының жүруіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында республика аумағында ауқымды алдын алу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күні Қазақстанда 610 сел қаупі бар учаске мен 970 мұздақ-мұздық көл бар. Гидрометеорологиялық жағдайды бақылауды 118 тұрақты және маусымдық бекет, сондай-ақ ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің 30 диспетчерлік пункт жүзеге асырады.

Маусым басынан бері қауіпті учаскелерге 694 жерүсті және 14 әуе-визуалды тексеру жүргізілді. Уақтылы ден қою және шұғыл тапсырмаларды орындау үшін 11 авариялық-механикаландырылған бригада құрылды.

Сел қаупі бар аймақтарда 166 ескерту және 3 ақпараттық қалқан орнатылды. Алдын алу шаралары аясында қауіпті аймақтарда орналасқан халық пен кәсіпорындарға 1692 ескерту-хабарлама мен ұсыныс берілді.

Ең қауіпті 15 мұздақ көлде алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Мұздақ көлдерден сифондар, эвакуациялық және мұздақ көл ішіндегі арналар арқылы 2 102,72 мың текше метр су төгілді.

«Қазавиақұтқару» АҚ-пен бірлесіп 23 биік таулы учаскеге арнайы жабдықталған бригадаларды, батиметриялық өлшеулер жүргізу үшін барлау топтарын және тәулік бойы мониторинг ұйымдастыруға арналған бақылаушыларды жеткізу бойынша авиациялық операциялар орындалды.

ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі мұздақ көлдерді босату бойынша алдын алу шараларын жалғастыруда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жасанды интеллект негізінде мемлекеттік...

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің...

ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті,...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл...