Президенттің тапсырмасы бойынша қайтарылған активтерден 10 млрд теңгеден астам қаражат Абай облысын сумен қамтуға жұмсалуда

Президенттің тапсырмасы бойынша қайтарылған активтерден 10 млрд теңгеден астам қаражат Абай облысын сумен қамтуға жұмсалуда

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен елімізде әлеуметтік маңызды инфрақұрылымдар салу жұмыстары жүзеге асуда, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Абай облысында сумен жабдықтау желілерін салуға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.

Өңірде барлығы 21 жоба жүзеге асырылуда, оның жетеуі – Семей қаласында. Сумен қамту жұмыстары ауылдық аумақтарды да қамтиды, атап айтқанда, облыстың Бородулиха, Үржар және Абай аудандарында сумен жабдықтау желілері жүргізілетін болады.

Бұл жобаларды жүзеге асыру халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, коммуналдық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.

Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректеріне сәйкес, сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу Семей қаласында 95,5%-ды, Абай облысының ауылдарында 95%-ды құрайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жасанды интеллект негізінде мемлекеттік...

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің...

ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті,...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл...