Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды жалпықалалық тазалық шарасы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — қала аумағын тазарту, көгалдандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Тазалық жұмыстарына қала тұрғындарынан бөлек қалалық басқармалар, мемлекеттік мекемелер, оқу орындары мен түрлі ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Әрбір мекемеге алдын ала белгіленген аумақтар бөлініп, тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Қатысушылар көшелер мен аулаларды, арық-атыздарды, қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, жасыл желектердің айналасын ретке келтірді.
Мұндай акциялар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, бұл бастама ел азаматтарын туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосуға үндейді.
«Табиғатты қорғау - әр азаматтың азаматтық борышы. Сенбілік - тек тазалық шарасы ғана емес, бұл қоғамның экологиялық санасын көтеруге бағытталған маңызды іс,» - дейді сенбілікке қатысушы Ақерке Өскенбайқызы.
Алдағы уақытта мұндай сенбіліктерді тұрақты түрде ұйымдастыруды жоспарланып отыр. «Таза Қазақстан» акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға ықпал етпек.
Бұл жолғы жалпықалалық сенбілікке мыңдаған тұрғын белсенділік танытып, әрбір ауданнан мектеп оқушылары мен студенттер де атсалысты.
Қатысушылар өздеріне бөлінген аумақтарды тазалап қана қоймай, ағаш отырғызу, гүлзарларды ретке келтіру секілді жұмыстарды да жүргізді. Көшелер мен қоғамдық орындардағы жиналған қоқыс арнайы полигондарға шығарылды.
Қала әкімдігі мұндай шаралар арқылы экологиялық мәдениетті насихаттап қана қоймай, тұрғындарды өз шаһарына деген жанашырлыққа тәрбиелеуді көздейді.
Тазалық жұмыстары қала аумағын көркейтіп қана қоймай, халықтың тұрмыс сапасына да тікелей әсер ететіні айтылды.
Экологиялық акция барысында көптеген мекемелер мен ұйымдар өз бастамаларын ұсынып, қаланың белгілі бір бөлігін тұрақты түрде бақылауда ұстауға ниет білдірді. Бұл қадам экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосымша серпін бермек.
«Таза Қазақстан» акциясының аясында өткізілген сенбілік қала тұрғындарының бірлігін, ұйымшылдығын көрсетті. Алдағы уақытта да осындай игі істер жалғасын тауып, экологияны қорғау мәселесінде нақты нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр.

