Түркістан қаласында кәріз желілерінің құрылысы қарқынды жалғасуда

Түркістан қаласында кәріз желілерінің құрылысы қарқынды жалғасуда

Қалада орталықтандырылған сарқынды су жүйесімен қамту мақсатында айрықша көңіл бөлініп, бірқатар ауқымды жобалар кезең-кезеңімен іске асырылуда.

Қазіргі таңда Сауран және Шауғар секторлары мен Баянауыл шағын ауданында кәріз желілері мен насос станцияларының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Сауран секторында 83 көше, 4 372 абонентті қамтитын желі биыл пайдалануға берілмек. Қазіргі уақытта №2 кәріздік насос станциясында қазба жұмыстары атқарылуда.

Ал Баянауыл шағын ауданында 25 көше, 2 103 абонентке қызмет көрсететін желінің құрылысы - Жангелдин көшесіндегі магистралдық құбыр қазу жұмыстарымен жалғасуда.

Сонымен қатар, Шауғар мөлтек ауданында ұзындығы 99,9 шақырымды құрайтын желі арқылы 3 294 абонентті қамту жоспарланып, бүгінде Шала Бақсы және Семей көшелерінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда қала тұрғындарының 36,5 пайызы, яғни 17 580 абонент орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған. Қала аумағында жалпы 27 кәріздік насос станциясы жұмыс істейді. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында биыл 13 нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...