«Даму» АҚ: Кәсіпкерлерге субсидия қаржысы тиісті мөлшерде аударылады

«Даму» АҚ: Кәсіпкерлерге субсидия қаржысы тиісті мөлшерде аударылады

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңес төрағасы Қайрат Акеновтың модераторлығымен өткен жиынға Кеңес мүшелері, Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев, Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі Бақытбек Амалдықов, экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқармасының бастығы Дәурен Тұрғынбай, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы бастығының орынбасары Үсен Исаев, «Даму» АҚ Шымкент қалалық филиалы директорының орынбасары Бағила Құдайбергенова және кәсіпкерлер қатысты.

Кеңес отырысында кәсіпкерлердің екінші деңгейлі банктен алған несие мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қаржысын мерзімінде төлеу мәселесі талқыланды.

Бауыржан Бердалиев кәсіпкерлерге мемлекеттен қолдау көрсетіліп, «Даму» АҚ тарапынан несие мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бойынша жобалар жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.

«Шымкент қаласында «Бизнестің жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы» секілді бағдарламалар шеңберінде соңғы 5 жылда қол қойылған жобалар саны 5,5 мыңнан асты. Оның ішінде 2024 жылы 944 шартқа қол қойылса, биыл 154 шартқа қол қойылды. Дегенмен, Палатаға жүгінген кәсіпкерлердің мәліметінше, бүгінгі таңда субсидияны алуда кәсіпкерлік субъектілерінде бірқатар мәселе бар екені анықталды. Осы мәселенің шешімін табу үшін жиналып, тиісті ұйым басшыларын шақырып отырмыз», – деді Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары.

Жиынға қатысқан кәсіпкерлер де сөз алып, бұл жағдай жоспардан тыс шығынға алып келгенін жеткізді.

Бұл сауалдарға «Даму» АҚ Шымкент қалалық филиалы директорының орынбасары Бағила Құдайбергенова жауап берді.

«Қазіргі уақытта қаржыландыру уақытша тоқтауына байланысты субсидия төлемдері тоқтатылды. Бюджет қаржысы түскен соң субсидиялау қайта жалғасады және кәсіпкерлерге сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі бойынша шығыстар өтеледі. Яғни, бизнеске көрсетілетін қолдау толық сақталады. Төлемдер қаржының түсуіне қарай, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың қаржыландыруы есебінен жүзеге асырылады», – деді Бағила Құдайбергенова.

Жиын барысында кәсіпкерлер өздерін толғандырған басқа да сұрақтарын қойып, мамандардың жауабын алды.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша кеңес мүшелері жүйелі мәселе туралы ҚР «Атамекен» ҰКП орталық аппараты арқылы ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жеткізіп, тиісті дәрежеде шешім қабылдау кажеттігі жөнінде ұсыным қабылдады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жасанды интеллект негізінде мемлекеттік...

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің...

ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті,...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл...