Қарапайым еңбекпен құрметке бөленген маман

Қарапайым еңбекпен құрметке бөленген маман

Құрылыс саласы – уақытпен, сапамен, табандылықпен өлшенетін сала. Бұл бағытта жетістікке жету үшін тек технология мен құрал-жабдық қана емес, ең алдымен, білікті маманның тәжірибесі мен еңбегі қажет. Қазақстанда осындай ірі құрылыс компанияларының бірі – «Отау Строй». Заманауи талаптарға сай тұрғын үйлер салумен танылған бұл компания жыл сайын жүздеген отбасына жаңа баспана сыйлап келеді. Көпшілік көңілінен шыққан жобалар кеңдігімен, ыңғайлылығымен, және тартымды сәулетімен ерекшеленеді.

Компания жетістігінің артында еңбегі еленген қарапайым мамандар тұр. Солардың бірі – нысан басшысы Нарметов Бахтияр. Ол – құрылыс саласының нағыз майталман маманы. Өзінің кәсіби шеберлігімен ғана емес, қарапайымдылығы және ұжыммен бірлесе жұмыс істей білу қасиетімен де құрметке ие тұлға. Құрылыс алаңындағы әр процесті бақылап, сападан ешқандай ауытқу болмауын қамтамасыз ету – оның күнделікті жұмысының бір бөлігі.

Бахтияр мырза өз міндетіне жауапкершілікпен қарайды. Әрбір құрылыс нысаны – тек қабырға мен шатыр емес, болашақ отбасының үйі, балалардың күлкісі мен үлкендердің тыныштығы болатынын жақсы түсінеді. Сондықтан да ол әр ұсақ-түйекке мән беріп, құрылыс процесінің барлық кезеңінде белсенді қатысады. Оның осындай адалдығы мен ұқыптылығы арқасында көптеген жобалар мерзімінен бұрын әрі сапалы аяқталып отыр.

Ұжымдастар арасында Нарметов Бахтиярдың беделі жоғары. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға жол көрсетуден жалықпайды. Кез келген мәселені байыппен шешіп, сын-ескертпелерді қабылдап, жұмыс процесін оңтайландыруға әрдайым дайын. Мұндай маманнан үйренетін нәрсе көп. Оның еңбекке деген ықыласы мен жауапкершілігі – жастарға үлгі, компанияға – сенім, тұтынушыға – сапа кепілі.

Қоғамда осындай адамдардың еңбегі әрқашан бағалануға тиіс. Олар елдің дамуына үнсіз үлес қосып, өз ісінің шебері ретінде биікке жетіп келеді. Майталман маманның мәртебесі – оның біліктілігі мен адалдығында. Нарметов Бахтияр сынды азаматтар құрылыс индустриясының нағыз тірегі десек, артық айтқандық емес.

Міне, осындай еңбек адамдарын дәріптеу арқылы біз еліміздің болашағына үлес қосып, жас ұрпаққа еңбекке деген дұрыс көзқарас қалыптастырамыз. Өйткені табыстың түп негізі – еңбек. Ал еңбектің қадірін білу – дамыған қоғамның белгісі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...