Тұран шағынауданындағы жол құрылысы қарқынды жүруде

Тұран шағынауданындағы жол құрылысы қарқынды жүруде

Тұран шағынауданындағы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау туралы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, мұнда қазір жол құрылысы жұмыстары қарқын алған.

Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков аталған шағынауданға барып, құрылысы жүріп жатқан жолдардың жұмыс барысын пысықтады.

Атап айтар болсақ, №8 жол құрылысы мердігер мекеме «Агат» тарапынан 2020 жылы басталған болатын. Бүгінде №8 көше құрылысының 80 %-ы аяқталған. Осы жылы аталған көшенің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілу жоспарлануда. Осыған байланысты басқарма басшысы №8 көше тұрғындарымен кездесіп, жол құрылысының сапасы мәселесін талқылады.

Қазіргі уақытта Тұран шағын ауданындағы №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 көшелерінің құрылысы жүріп жатыр. Биыл №1,2,6,7,8,10 көшелерінің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқтау жоспарға қойылған, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...