Шымкентте жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс артып келеді

Шымкентте жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс артып келеді

Шымкент қаласында жұмысшы мамандықтардың беделі артып, қоғамда «Еңбек адамына» деген құрмет қайта жанданып келеді. Бұл үрдіс елдегі әлеуметтік-демографиялық дамудың маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Қала әкімдігі мен мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысы нәтижесінде техникалық және кәсіби мамандарды даярлауға бағытталған нақты саясат жүзеге асуда.

Бүгінде қаланың колледждерінде дәнекерлеуші, электрик, аспаз, құрылысшы, технолог сияқты мамандықтарға деген сұраныс жоғары. Бұл еңбек нарығының нақты қажеттілігіне сай қалыптасып отыр. Жастардың кәсіби білімге қызығушылығын арттыру мақсатында білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасында үшжақты келісімдер жасалып, оқу бітірген түлектер бірден жұмысқа орналасуға мүмкіндік алуда.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Шымкентте бірқатар маңызды бастамалар іске асты. Атап айтқанда, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері жаңартылып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, дуалды оқыту жүйесі кеңінен қолданыла бастады. Бұл студенттерге оқу барысында өндірістік тәжірибеден өтуге және нақты еңбек дағдыларын меңгеруге жол ашты.

Кәсіптік оқудың сапасын арттыру – кадрларды даярлаудың жаңа моделін енгізудегі басты басымдықтардың бірі. Осы мақсатта оқу бағдарламалары жұмыс берушілердің сұранысына қарай бейімделуде. Бұған қоса, жұмыссыз жүрген азаматтарды қысқа мерзімді курстар арқылы қайта даярлау шаралары да өз нәтижесін беруде. 2025 жылдың өзінде-ақ ондаған адам жаңа мамандық иесі атанып, тұрақты жұмысқа орналасты.

Қалада жұмысшы мамандықтардың танымалдылығын арттыру мақсатында түрлі форумдар, кәсіптік бағдар беру шаралары мен «Еңбек жәрмеңкелері» ұйымдастырылып келеді. Мұндай алаңдар жастарға еңбек нарығының талаптарын түсінуге және өз болашағын нақты салада көруге мүмкіндік береді.

Шымкент қаласында еңбекке баулу мен кәсіби бағыт беру мектеп қабырғасынан басталып, үздіксіз жүйеге айналып келеді. Жас буынды еңбекке баулу арқылы қоғамда адал еңбекке деген құрмет нығайып, әлеуметтік жауапкершілік арта түсуде. Сонымен қатар, ақпараттық түсіндіру шаралары, мотивациялық кездесулер мен шеберлік сабақтары еңбек адамының беделін арттыруда маңызды рөл атқарып келеді.

«Еңбек адамы» бейнесін дәріптеу, кәсіби біліктілік пен адал еңбекті насихаттау – қоғамда еңбекке деген жауапкершілікті арттырудың бір жолы. Шымкент қаласы бұл бағытта үлгі боларлықтай жұмыстар атқарып келеді. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау, жергілікті кәсіпорындардың белсенділігі және тұрғындардың еңбекке деген құрметі – қаланың әлеуметтік тұрақтылығының кепілі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...