Қаратау ауданындағы 384 көп қабатты үйге сығымдау жұмыстары жүргізілуде

Қаратау ауданындағы 384 көп қабатты үйге сығымдау жұмыстары жүргізілуде

Каратау ауданында қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды. Ауданда күзгі-қысқы кезеңге дайындық ұйымдастырылған түрде, кестеге сәйкес өтуде. Бүгінде аудандағы жылыту жүйесіне қосылған 384 көп қабатты тұрғын үйлерге сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы бұл ауданда 481 көп қабатты үй болса, оның 63-і автономды жылуды тұтынады.

Аудан әкімдігінің қызметкерлері көп қабатты үйлердің жылыту маусымына дайындығын аралап, қызмет көрсетуші мекемелерге іс-шара жоспарына сәйкес қысқы дайындық жұмыстарын аяқтауды айтты.

Аудан бойынша қысқы дайындық жұмыстарын жүргізетін 6 қызмет көрсетуші мекеме бар. Олармен көп қабатты үйлердің қысқы жылыту маусымына дайындау, сығымдау барысында құбырлардың ақаулары тексеріледі және тік құбырларға 6-7 атмосфералық қысым беріліп, ақаулар анықталған жағдайда жарамсыз бұрандалар ауыстырылады. Сонымен бірге ысырма жапқыштар майланып дайындалады. Дайындалған үйлер дайындық актілерімен «Қуат жылу орталық-3» МКК тарапынан қабылданады.

Жұмыс жоспарына сәйкес аудан аумағындағы орталық жылу жүйесінен жылу алатын 384 барлық көп қабатты үйлер 2021 жылғы қыркүйек айында толық қысқы маусымға дайындықтан өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...