Серпінді өткен сенбілік

Серпінді өткен сенбілік

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында тазалық іс-шаралары ұйымдастырылуда.

Бүгін Әл-Фараби ауданындағы Сәуле шағынауданының кіреберісіне және №129 мектептің алдына егілген ағаштардың түптері қопсытылды.

Сенбілік жұмыстары кезінде ағаштарда судың ұзақ сақталып, жақсы сіңуі үшін арнайы шұңқырлар (лунка) жасалды.

Мұндай күтіп-баптау жұмыстары Қонаев пен Бәйдібек би даңғылдарында да жүргізілуде.

Көгалдандыру жұмыстарына Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, «Build stroi» мекемесінің 70-ке жуық жұмысшысы және 17 арнайы техника жұмылдырылды.

Аталған жұмыстардың тұрақты жүргізілуі аудан әкімінің жіті бақылауында, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сегодня на территории музея имени Кажымукана Мунайтпасова, расположенного в населенном пункте Кажымукан Ордабасинского района, прошла экологическая...

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистика саласын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және жол инфрақұрылымын жаңғыртуға...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында сумен жабдықтау, энергетика және коммуналдық инфрақұрылым...