Қазақстанда Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатына тағы 11 жаңа мектеп ашылды

Қазақстанда Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатына тағы 11 жаңа мектеп ашылды

Елімізде 8 мыңнан астам оқушы орнына арналған 11 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Олардың құрылысын Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры қаржыландырды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Қор 2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылып, сыбайлас жемқорлардан кері қайтарылған қаражат есебінен толықтырылады. Оның негізгі міндеті – үш ауысымды оқытуды, апатты мектептер мен оқушы орындарының тапшылығын жою, мектептерді салу және реконструкциялау.

Бүгінгі таңда Қор есебінен 100 мың орындық 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Соңғы екі жылда 83 мың оқушыға арналған 74 мектеп, оның ішінде 11 білім беру ұйымы жаңа оқу жылы қарсаңында ашылды.

Бұдан бөлек, 1-қыркүйекке қарай бүкіл ел бойынша 111 мың оқушы орнына арналған 83 жаңа мектеп ашылды: 57-сі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында, 11-і Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, 15-і инвестиция тарту есебінен салынған мектептер. Жыл соңына дейін 140 мыңға жуық орынды қамтамасыз ететін тағы 111 мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Әділет» партиясы сайлауалды штабтардың жұмысын түйіндеуде. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен қорытынды отырыста үгіт-насихат науқанының нәтижесі шығарылды және...

AI Journey 2026 халықаралық конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті...

Астанада Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Моңғолия мемлекеттік консерваториясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды...