Қазақ ұлттық хореография академиясы халықаралық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытып келеді

Қазақ ұлттық хореография академиясы халықаралық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытып келеді

Астанада Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Моңғолия мемлекеттік консерваториясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Меморандумға Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанова мен Моңғолия мемлекеттік консерваториясының ректоры Цэрэнжигмэдийн Шаравцэрэн қол қойды.

Құжат алмасу рәсіміне классикалық би бөлімінің жетекшісі, Моңғолияның еңбек сіңірген әртісі Мунгунхулуг Халзай да қатысты.

Меморандум халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға, мәдениет пен білім салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға және екі оқу орны арасында кәсіби тәжірибе алмасуға бағытталған.

Тараптар білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға, қысқа және ұзақ мерзімді тағылымдамалар ұйымдастыруға, шеберлік сабақтарын, дәрістер мен семинарлар, шығармашылық және ғылыми-білім беру іс-шараларын бірлесе өткізуге ниетті екенін жеткізді.

Құжат негізінде оқытудың озық әдістемелерін меңгеруге, педагогтердің кәсіби білігін арттыруға және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізуге айрықша мән берілмек.

Меморандум Қазақстан мен Моңғолияның өнер саласындағы әріптестігін одан әрі дамытуға және екі елдегі хореографиялық білім беру сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Әділет» партиясы сайлауалды штабтардың жұмысын түйіндеуде. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен қорытынды отырыста үгіт-насихат науқанының нәтижесі шығарылды және...

AI Journey 2026 халықаралық конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті...

Астанада Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Моңғолия мемлекеттік консерваториясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды...