Қаламгер мұрасы ұлықталды: Ұлттық кітапханада Қалихан Ысқаққа арналған жиын өтті

Қаламгер мұрасы ұлықталды: Ұлттық кітапханада Қалихан Ысқаққа арналған жиын өтті

Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қаламы қарымды драматург Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына арналған «Қазақы қара сөздің алдаспаны» атты конференция өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Жиынға Қазақстан Жазушылар одағы мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары, әдебиеттанушылар және зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар жазушының шығармашылық болмысы туралы баяндама жасады. Ғалымдар Қалихан Ысқақтың қазақ прозасында қалыптастырған көркемдік дәстүрі, тілдік өрнегі және драматургия саласындағы ізденістері жөнінде сөз қозғады.

Конференция барысында жазушы туралы арнайы дайындалған деректі фильм көрсетіліп, көпшілік назарына Ұлттық кітапхана қорынан жинақталған кітап көрмесі ұсынылды. Сонымен қатар, мерейтой қарсаңында ұйымдастырылған суретшілер байқауының үздік туындылары жұртшылыққа таныстырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ ұжымына «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен...

Қазақстанның өткізу пункттерін жаңғырту аясында Қырғызстанмен шекарадағы «Сыпатай батыр» автомобиль өткізу пунктінде заманауи инспекциялық-тексеру...

Түркістан қаласында кәсіпкерлік саласының дамуы ұйымдардың құжат айналымын тиімді ұйымдастыру қажеттілігін арттырады. Сауда, өндіріс және қызмет...