Тәуелсіздіктің Көк Туы

Тәуелсіздіктің Көк Туы

Ел халқы үшін ең ұлы да, қастерлі болып саналатын терең ұғым бар, ол – еліміздің Тәуелсіздігі. Тәуелсіз атануымыздың арқасында – тарихымыз түлеп, жұдырықтай тұтас халыққа айналдық.

Еліміз көркейіп, әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақталды. Ішкі саяси тұрақтылығымыз бен сыртқы саясаттағы ерен еңбектің арқасында қазақ халқын күллі дүние таныды. Жоғалғанымыз табылып, барымыздың ырысы толайды.

Еңсемізді тіктеп, егемен ел атанып, өз алдына отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстан қаншама қиындықтарға жолықса да тастай берік төзімділіктің арқасында, жалпақ әлемге өзінің өршіл үнін, өркениетке деген үмітін мойындатты.

Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ұлан-ғайыр атамекен жеріміз, отарлық жоя алмаған тіліміз, мәдениетіміз тек қана қазақтың рухының күштілігімен сақталды.

Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...