Шымкенттегі мектептер заманауи дизайнда салынып жатыр

Шымкенттегі мектептер заманауи дизайнда салынып жатыр

Тұран шағынауданында орналасқан №139 мектебі 1200 орынға шақталған. «АРТ-құрылыс» мердігер мекемесі мектеп құрылысын 2019 жылдың қараша айында бастаған болатын. Құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған. Қазір кемшілік тұстары жөнделіп, ішкі жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мектеп жаңаша дизайнда жасалып, қабырғасына арнайы бояулар қолданылған. Ерекшелігі – заман талабына сай техника, жиһаздармен жабдықталған. Лингафонды мультимедиялық кабинеттер, модификацияланған химия, биология және физика сыныптары, СТЕМ-кабинеттер, арнайы ақпараттық-технологиялық құрал-жабдықтар – барлығы соңғы заманауи стандартқа сай жарақталған.

Балалардың қауіпсіздігі үшін ішкі істер органдарымен орталықтандырылған бейнекамералар қойылады. Сонымен бірге, адам түрін танитын турникеттер мен дабыл батырмалары да қарастырылған.

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес аталған ерекшеліктер мен қажеттіліктер қаладағы салынып жатқан барлық жаңа мектептердің құрылысына қойылатын басты талап болып отыр.

Мектеп қыркүйекте оқушыларды қабылдауға дайын. Заманауи білім ордасы балалардың көңілінен шығары сөзсіз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...