«Құқықтық дәріхана»: елордалық прокурорлар арнайы түсіндіру акциясын өткізді

«Құқықтық дәріхана»: елордалық прокурорлар арнайы түсіндіру акциясын өткізді

Астана қаласының прокуратурасы «Заң және тәртіп» қағидаты аясында елорданың «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету және қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру.

Нұра ауданы әкімдігінің ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Жансейіт Тынбаевтың айтуынша, мұндай акциялар мемлекет пен қоғам арасындағы тікелей диалог үшін маңызды алаңға айналды.

Оның сөзінше, шамамен мыңға жуық азамат онлайн форматта да, сондай-ақ әкімдік пен прокуратура өкілдерімен тікелей кездесулерде де түрлі бағыттар бойынша білікті кеңес алды.

Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры Ерлан Шакиров акция Астананың әртүрлі аудандарында өткізіліп, қаланың ең ірі нысандарын қамтып отырғанын атап өтті.

«Қыркүйек айында мұндай әлеуметтік акциялар Астананың алты ірі сауда-ойын-сауық орталығында өтті. Негізгі мақсат – азаматтарға құқықтарын түсіндіру, нақты мәселелерін шешуге көмектесу және құқықбұзушылықтар санын азайту», – деді ведомство өкілі.

«Құқықтық дәріхана» форматы өзінің тиімділігін дәлелдеді: тұрғындар прокуратура өкілдеріне тікелей жүгініп, өздерін толғандырған тақырыптар бойынша кәсіби кеңес ала алады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева тұрғын үй...

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев адамның тұрғын үйге деген іргелі құқығын конституция деңгейінде қорғау қажеттігі туралы пікір білдірді. Осы тұрғыда ол...