Мемлекет басшысы Мьянма Президентінің міндетін атқарушы Мин Аун Хлайнмен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Мьянма Президентінің міндетін атқарушы Мин Аун Хлайнмен келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Мин Аун Хлайнға ілтипат білдіріп, оның Астанаға жұмыс сапары Мьянманың Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуына мүмкіндік беретінін атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мьянма өзіндік мәдениеті, бірегей дәстүрі бар және геостратегиялық тұрғыдан маңызды ел. Қос мемлекет жаһандық көлік бағыттарының тоғысқан тұсында орналасқан.

Президент мейманға Қазақстанның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, сондай-ақ еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз ету аясындағы стратегиялық міндеттері туралы мәлімет берді.

Тараптар екі ел экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, қаржы, ІТ және цифрландыру секілді маңызды салаларда өзара ықпалдастық перспективасына тоқталды.

Президенттің айтуынша, Қазақстан Еуразияның басты транзит торабы ретінде «Бір белдеу, бір жол» мегажобасын, Солтүстік – Оңтүстік және Орта дәліз көлік бағыттарын дамытуға белсенді түрде атсалысуда.

Осыған орай кездесуде екі ел арасындағы көлік байланысын жолға қоюдың өзектілігіне назар аударылды. Бұл сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге септігін тигізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мин Аун Хлайнды Қазақстанның ұлтаралық және конфессияаралық саясатымен таныстырды. Атап айтқанда, елімізде жүзеге асырылып жатқан «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидаты, толеранттылық ұстанымы, сондай-ақ Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін өткізу бастамасы жөнінде баяндады.

Мин Аун Хлайн Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, өзара мүддеге сай бағыттар бойынша конструктивті ынтымақтастық орнатуға және бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін растады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Инициативы были организованы в образовательных учреждениях и нацелены на повышение ответственности молодежи за сохранение окружающей среды. В...

Бастамалар білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып, жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.Қалалық Білім басқармасына қарасты...