Мемлекет басшысы цифрлық шешімдер көрмесіне барды

Мемлекет басшысы цифрлық шешімдер көрмесіне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы аясында ұйымдастырылған цифрлық шешімдер көрмесімен танысты, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Ustem Foundation қоғамдық қоры, Freedom Bank, Yandex Qazaqstan, Kaspi Bank, «Қазақтелеком» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ және басқа да отандық жетекші компаниялар мен ұйымдар ЖИ саласындағы жобаларын көрмеге қойған.

Экспозициялар білім беру, мәдениет, логистика, «ақылды қала» технологиялары секілді ауқымды бағыттарды қамтыды. Сонымен қатар туристік онлайн қызметтері, генеративті ЖИ платформалары, В2В-агенттері мен AITU отандық мессенджері таныстырылды.

Көлік бағытында жаңа буынды 5G базасында тасымалды басқару мен телекоммуникацияға арналған ЖИ негізіндегі кешенді жүйелер көрсетілді.

Аталған іс-шара еліміздегі цифрлық технологияның қарқынды дамуын, сондай-ақ жасанды интеллектінің ұлттық экожүйесін қалыптастыруға отандық бизнес пен институттардың қосқан үлесін паш етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева тұрғын үй...

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев адамның тұрғын үйге деген іргелі құқығын конституция деңгейінде қорғау қажеттігі туралы пікір білдірді. Осы тұрғыда ол...