Мемлекет басшысы макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді

Мемлекет басшысы макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Жиынға Премьер-министр, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жетекшілері мен Үкімет мүшелері қатысты.

Кеңес барысында макроэкономикалық орнықтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шаралары қаралды.

Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыс істеуі керек екенін айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...