Энергия саласындағы жаңғыру – тұрақты дамуға бастар жол

Энергия саласындағы жаңғыру – тұрақты дамуға бастар жол

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында атап өтілгендей, әлемдік деңгейде транзит және энергия нарығында бәсеке күшейіп келеді. Мемлекет басшысы еліміздің бұл үдерістерде алдыңғы қатарда болуын қамтамасыз ету үшін алдын ала және жүйелі әрекет ету қажеттігін баса айтты.

Энергетика саласында қуат көздерін жаңғырту бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып, жаңа қуат көздері іске қосылуда. Алдағы бес жылда қуаты 6,3 гигаватт болатын "жасыл" энергия нысандарын пайдалануға беру жоспарланған.

Мемлекетіміздің басты мақсаты – экологиялық тепе-теңдікті сақтау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және тұрақты даму қағидаттарына негізделген энергетикалық жүйе қалыптастыру. Бұл бағытта қолға алынған шаралар ел экономикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне жол ашады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы...

Инициативы были организованы в образовательных учреждениях и нацелены на повышение ответственности молодежи за сохранение окружающей среды. В...

Бастамалар білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып, жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.Қалалық Білім басқармасына қарасты...