Мемлекет басшысы Woosong білім беру қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ким Сонг Кёнгты қабылдады

Мемлекет басшысы Woosong білім беру қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ким Сонг Кёнгты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда Woosong университетінің әлемдік білім беру талаптарына сай келетін филиалын ашқаны үшін Ким Сонг Кёнгке ризашылығын білдірді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент филиалдың ашылуы білім беру ғана емес, Қазақстан мен Оңтүстік Корея халықтарын мәдени жақындастыру тұрғысынан ерекше мәнге ие жоба екенін атап өтті.

Ким Сонг Кёнг Азияға, сондай-ақ әлемге белгілі білім және ғылым үздіктерінің бірі саналатын Woosong University Қазақстанның зияткерлік әлеуетін нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.

Әңгімелесу барысында адам капиталын дамыту, білім беру сапасын арттыру, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект салаларында біліктілігі жоғары инженерлер, сұранысқа ие мамандар даярлау мәселелері талқыланды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кездесу барысында Еуразиялық даму банкінің соңғы жиырма жылда атқарған жұмыс нәтижесі және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективасы...