Қасым-Жомарт Тоқаев МИФИ ректоры Владимир Шевченкомен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев МИФИ ректоры Владимир Шевченкомен кездесті

Мемлекет басшысы «Мәскеу инженерлік-физикалық институты» ұлттық ядролық зерттеу университетінің ректоры Владимир Шевченкомен әңгімелесу барысында еліміз үшін ядролық энергетиканың стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстанда «Росатом» бастаған халықаралық консорциумның қатысуымен алғашқы АЭС құрылысын жүргізу қолға алынғанына тоқталды. Бұдан бөлек, тағы бірнеше станса салу жоспарланып отыр.

2022 жылы Алматыда МИФИ филиалы ашылды. Оқу орнынан алғашқы магистрлер түлеп ұшты.

Президенттің пікірінше, бұл ядролық энергетика саласында біліктілігі жоғары маман даярлауға септігін тигізеді.

МИФИ ядролық ғылымды дамытуда және атом мамандарын даярлауда әлемдегі жетекші орталықтардың бірі ретінде танылған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы...

Инициативы были организованы в образовательных учреждениях и нацелены на повышение ответственности молодежи за сохранение окружающей среды. В...

Бастамалар білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып, жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.Қалалық Білім басқармасына қарасты...