Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтаудың 40%-ы жер асты суларымен қамтамасыз етіледі

Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтаудың 40%-ы жер асты суларымен қамтамасыз етіледі
Қазақстанда ауыз су және техникалық сумен жабдықтау, суару және басқа да мақсаттар үшін пайдаланылатын 4803 жерасты су кен орны барланды. Мемлекеттік баланста тәулігіне 43,2 млн текше метр пайдалану қорлары есептеледі, оның ішінде тәулігіне 1,5 млн текше метрі ғана пайдаланылады. Мақсаты бойынша шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін тәулігіне 21,2 млн текше метр, өндірістік-техникалық сумен жабдықтау үшін тәулігіне 2,4 млн текше метр, жерді суару үшін тәулігіне 19,6 млн текше метр барланды. Барлық қор толығымен пайдалануға дайын және табиғи жолмен толтырылады. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты сулары департаментінің директоры Жайық Ерікұлы ОКҚ брифингінде айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент өнеркәсіп саласындағы ықпалдастықты нығайтудың маңызына назар аударды. Бүгінде бұл бағытта жалпы құны 62 миллиард доллардан асатын 260...

Қазақстан Президентінің атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр. Өзбекстан...

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге 815 млн теңге жұмсауға...