Маңғыстаудағы оқыс-оқиға: Үкіметтік комиссияның отырысы өтті

Маңғыстаудағы оқыс-оқиға: Үкіметтік комиссияның отырысы өтті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында  бірінші кезектегі тергеу іс-шараларының нәтижелері және болған оқиғаның барлық себептері мен мән-жайларын анықтау жөніндегі кезекті қадамдар қаралды, деп хабарлайды No-comment.kz - Маңғыстау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, қаза болу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігі ("ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау") және 465-бабы ("кеме жүргізу қағидаларын бұзу") бойынша қылмыстық істер қозғалған. 

«Тергеу барысында әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оқу-жаттығуларды ұйымдастыруға және құтқару іс-шараларын жүргізуге байланысты заң бұзушылықтарға жол берді деп  күдікке ілінген лауазымды тұлғалар анықталды. Олардың іс – әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», - деді Санжар Әділов. 

Оқиғадан кейін құтқарылған әскери қызметшінің жағдайы туралы мәселе жеке қаралды. Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазановтың айтуынша, әскери қызметшінің жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Әскери қызметші есін жиып, барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр. Жанында ата-анасы бар.
 
Отырыс барысында қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсету жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, барлық түскен қаражатты бөлудің абсолютті ашықтығын қамтамасыз етіледі. Бұл ретте материалдық көмек заңда белгіленген мемлекеттік төлемдер мен өтемақыларды ғана емес, сонымен қатар бизнес өкілдері мен меценаттар тарапынан қаржылық қолдауды да қамтитын болады.
 
Осы қаражатты шоғырландыру үшін арнайы қор ашылды. Қор қызметін Маңғыстау облысының әкімдігі тұрақты бақылауға алды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент өнеркәсіп саласындағы ықпалдастықты нығайтудың маңызына назар аударды. Бүгінде бұл бағытта жалпы құны 62 миллиард доллардан асатын 260...

Қазақстан Президентінің атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр. Өзбекстан...

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге 815 млн теңге жұмсауға...