Президент тапсырмасының орындалуы: БҚО-да қайтарылған активтер есебінен 27 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда

Президент тапсырмасының орындалуы: БҚО-да қайтарылған активтер есебінен 27 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда

Әлеуметтік нысандар салу және реконструкциялау жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысында 27 жобаны іске қосуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр. Негізгі міндеттер – халықты сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету және ауылдағы денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту. Арнаулы мемлекеттік қордан барлығы 27 жобаны жүзеге асыруға 17,7 млрд теңге бөлінген.

Жүзеге асырылып жатқан жобалардың ішінде 11 сумен қамту жобасы бар, олардың іске қосылуы ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтуды кеңейтіп, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ 16 жоба ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытуға бағытталған. Олардың қатарында Сырым, Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала және Бәйтерек аудандарында фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттер құрылысы бар. Жаңа денсаулық сақтау нысандарының ашылуы ауыл тұрғындарын білікті медициналық көмекпен қамтамасыз етіп, аудандық ауруханалардағы жүктемені азайтады.

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында 15 жоба толық аяқталған. Жыл соңына дейін тағы 10 нысан пайдалануға беріледі, ал қалған екеуін 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...