Президент Fufeng Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Сюэчуньді қабылдады

Президент Fufeng Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Сюэчуньді қабылдады

Алматы қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Сюэчуньді Жамбыл облысында ауқымды инвестициялық жобаны іске қосуымен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл кәсіпорын еліміздің индустриялық дамуы және агроөнеркәсіп биотехнологиясы сияқты жаңа бағытты қалыптастыру тұрғысынан стратегиялық мәнге ие. Бұл ретте шикізатты тұрақты жеткізу және өндірістік парк айналасында аграрлық белдеу құрудың маңызы зор.

Ли Сюэчунь компания еліміздің диқандарымен жүгері сатып алу, сондай-ақ білікті маман даярлау бойынша ұзақмерзімді серіктестік орнатуға ниетті екенін айтты. Осы орайда еліміздің жоғары оқу орындарымен бірлескен білім бағдарламаларын әзірлеу және кәсіпорын базасында отандық ғылыми-зерттеу институттарын тарта отырып, R&D орталығын құру мүмкіндігі талқыланды.

Fufeng Group директорлар кеңесінің төрағасы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында ірі жобаларды жүзеге асыра алатындай қуатты ресурс пен әлеуетке ие екенін айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...