Қазақстандық студент Қытайда өткен BRICS чемпионатында қола медаль иегері атанды

Қазақстандық студент Қытайда өткен BRICS чемпионатында қола медаль иегері атанды

Қытай Халық Республикасында өткен BRICS National Vocational Skills Championships халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында «Деректерді талдау және визуализация» құзыреттілігі бойынша қазақстандық студент жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті Габбас Сағыныш әлемдік деңгейдегі додада ІІІ орын иеленіп, қола медаль жеңіп алды.

Аталған халықаралық чемпионатқа Қытай, Ресей, Үндістан секілді 9 елден барлығы 137 команда қатысқан.

Халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша чемпионаттың штаб-пәтері Маңғыстау энергетикалық колледжін «Болашақ технологиялар мен дағдылар» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырды. Сонымен қатар, тараптар «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды жоспарлауда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...