Астанада Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының штаб-пәтері ашылды

Астанада Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының штаб-пәтері ашылды

Елордада Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының штаб-пәтері ашылып, салтанатты рәсімге ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қаржы министрлігіне сілтеме жасап. 

Жаңа нысанның лентасын ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев пен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының басқарушы директоры Андрей Широков қиып, осылайша жаңа штабтың жұмысы ресми түрде басталды.

Аталған штаб-пәтер Еуразия аймағындағы қаржылық тұрақтандыру мен дамудың негізгі платформасы ретінде қордың әлеуетін нығайтып, оның орталық операциялық-талдау орталығына айналады.

Іс-шараның аясында ЕТДҚ қызметі жөнінде, оның басым бағыттары және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы презентация таныстырылды.

Ашылу салтанатына қорға мүше елдердің, сондай-ақ ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...