Роман Скляр Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровпен кездесу өткізді

Роман Скляр Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровпен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровпен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын талқылады. Өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға және автомобиль, теміржол, машина жасау мен металлургия сияқты негізгі салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Роман Скляр Қазақстанның өнеркәсіптік кооперацияға, кәсіпорындардың технологиялық деңгейін арттыруға және екі елдің бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған Ресей Федерациясымен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.

Тараптар әріптестік байланыстарды дамыту және өнеркәсіп саласында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...