Олжас Бектенов теміржол вокзалын жаңғырту туралы: «Кейбір әкімдіктер құрылыс барысына бақылауды босаңсытып алған». Бірқатар тапсырма берілді

Олжас Бектенов теміржол вокзалын жаңғырту туралы: «Кейбір әкімдіктер құрылыс барысына бақылауды босаңсытып алған». Бірқатар тапсырма берілді

Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов теміржол вокзалдарын жаңғырту және күрделі жөндеу тақырыбына жеке тоқталды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Жұмыстар осы жылы басталғаны атап өтілді. Қысқа мерзімде мердігерлер айқындалды. Оларға да, әкімдіктерге де қолайлы толығымен жүзеге асырылатын құрылыс туралы шарттар жасалды. 

«Үкімет осы міндеттің уақтылы орындалуы үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдады. Алайда кейбір әкімдіктердің құрылыс барысына бақылауды босаңсытып алғанын көріп отырмыз. Ақмола, Жетісу, Ақтөбе, Абай және Ұлытау облыстарында мерзімдердің бұзылу қаупі жоғары. Маңғыстау облысында бір вокзалдағы жұмыс кестеден кешігіп жатыр. Алматы қаласында “Алматы-1” вокзалын жаңғырту  жұмыстары тым созылып кетті. Мұны әкімдіктердің жұмысындағы олқылық деп санаймын. Құрылыс жұмыстарының барлығы сапа талаптарын сақтай отырып, белгіленген мерзімде аяқталуға тиіс. Тапсырманың орындалуына жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары тікелей жауапты болады», — деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...