«Келешек мектебі» заманауи талаптарға сай

«Келешек мектебі» заманауи талаптарға сай

ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Н.Байқадамов, Р.Рүстемов, М.Жайымбетов, М.Ергешбаев, облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналинов, облыстық мәслихат төрағасы М.Тлеумбетов Қызылорда қаласындағы СПМК-70 мөлтек ауданында орналасқан 1500 орындық «Келешек мектебіне» барды.

Мектеп құрылысы толық аяқталған, жаңа ғимарат заманауи талаптарға сай. Мұндағы оқу кабинеттері соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған, арнайы STEM-зертхана, кітапхана, спорт және акт залы, асхана бар. Бас мердігер «Integra Construction KZ», жобалаушы ұйым «Project Construction KZ», техникалық қадағалаушы «Самұрық Қазына Девелопмент» серіктестіктері нысанды жақын күндері пайдалануға беруге дайын.

Қызылорда облысында«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 6 900 орынға арналған 10 мектеп салынды. Бүгінде оның тоғызы пайдалануға берілсе, алтауының құжаттары әзірленіп, облыстық білім басқармасының теңгеріміне қабылданды. Биылғы оқу жылында іске қосылған 3 мектепте оқу процесі жүргізілуде.

Жергілікті бюджеттен жоба-сметалық құжаттамалар әзірлеуге 118,4 млн теңге бөлініп, 1 млрд 700 млн теңгеге 10 мектептің инфрақұрылымы тартылды. Тағы 2 млрд 80 млн теңгеге білім ошақтарының іргелес аумақтары абаттандырылып, жол салынды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...