Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Астанаға жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев Қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің 13-ші отырысы шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту әлеуетіне тоқталды. Сауда, өнеркәсіп кооперациясы, инвестиция, энергетика, су саласы, АӨК, көлік-логистика, туризм және тағы басқа да салалардағы өзара іс-қимылға назар аударылды. 

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы осы жылдың 8 айында 21%-ға өсіп, $1,4 млрд-ты құрады.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың жеке қолдауы мен саяси ерік-жігерінің арқасында  соңғы жылдары қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігі жаңа серпінге ие болды. Бұл тұрғыда, біздің ортақ мақсатымыз – екі ел көшбасшыларының берген тапсырмаларын толық орындау және көпқырлы ықпалдастықты одан әрі кеңейту. Қырғызстан – біз үшін тату көрші, бауырлас ел ғана емес, сонымен қатар маңызды сауда-экономикалық серіктес мемлекет. Қазақстан Үкіметі ортақ мүдделерімізге сай келетін мақсаттарға бірлесіп атсалысуға дайын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Мемлекеттер басшыларының бірлескен күш-жігері Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестікті сапалы жаңа деңгейге көтерді. Екіжақты байланыстарды дамытуға Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Астанаға және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бішкекке ресми сапарлары барысында қол жеткізілген маңызды келісімдер ықпал етті. Үкімет алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салады», — деп атап өтті Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев.

Отырысқа қатысушылар Үкіметаралық кеңестің алдыңғы отырысында қабылданған бірлескен шаралардың жүзеге асырылу барысын қарады. Энергетика және сумен жабдықтау салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа, сондай-ақ инвестициялық өзара іс-қимылға назар аударылды.

АӨК саласындағы өсудің жаңа бағыттары белгіленді. Биылғы 8 айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда көлемі 42%-ға өсіп, $326 млн-ды құрады, оның 80%-дан астамы – Қазақстаннан шығатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты.

Тау туризмі – ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарының бірі. Екі ел аумағында орналасқан Хан Тәңірі шыңында тау туризмі бағыттарын жандандыру мәселелері талқыланды.

Биыл Бішкекте мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл аясында бірқатар іс-шара өтті, оның ішінде Қазақстандық кино күндері, ҚР халық әртісі, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған концерт және тағы басқа да іс-шаралар бар. Көрнекті жазушылар Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовқа арналған «Қазақ-қырғыз достығының алтын көпірі» ескерткіші мәдениетаралық диалогтің символына айналды.

Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері ынтымақтастықтың барлық негізгі бағыты бойынша екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады.

Жиын соңында Қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің 13-ші отырысы хаттамасына қол қойылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...