Алматының туристік саласына құйылған инвестиция 2025 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында 113 млрд теңгеге жетті

Алматының туристік саласына құйылған инвестиция 2025 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында 113 млрд теңгеге жетті

Алматын туризм басқармасының мәліметінше, 2025 жылы қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша туристік саладағы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 113,2 млрд теңгеге жетті. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 47,4% көп.

2025 жылы бірінші жартыжылдықта саланың жалпы қосылған құны 559,3 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың алты айымен салыстырғанда екі есе жоғары әрі туристік сектордың экономикалық маңыздылығы артып келе жатқанын көрсетеді.

Қаладағы орналастыру нарығында да айтарлықтай өзгеріс бар: Алматыдағы нөмірлік қор — 12 552 нөмір (өсім 8%), 377 орналастыру орны жұмыс істейді, бір мезетте 22 768 адам қабылдай алады.

2025 жылдың басынан бері туризм индустриясында жеке инвестор есебінен 34 жаңа нысан іске қосылдв. Олардың ішінде: 11 қонақ үй, 1 глэмпинг, 1 капсулалы қонақ үй, 18 хостел, 3 демалыс базасы кіреді.

Сонымен қатар 6 794 нөмірге арналған 58 қонақ үй құрылысы жобасына және туристік нысандарды жобалау мен салудың 35 жобасына тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр.

«Инвестицияның артуы кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндік ашады, туристік қызметтің аясын кеңейтуге және заманауи сервис стандарттарын енгізуге жағдай жасайды. Басты басымдық — маусымаралық кезеңде нысандардың жүктемесін арттыру, MICE-бағытын дамыту және шетелдік қонақтарға сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету», — деді Алматы қаласы туризм басқармасының өкілдері.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...