Қазақстан СІМ басшысы Орталық Азия мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты

Қазақстан СІМ басшысы Орталық Азия мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты

Ташкент, 2025 жылғы 15 қараша – Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінің жетінші отырысына дайындық аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов, Түрікменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Сердар Мухаметдурдыев, сондай-ақ құрметті қонақ ретінде шақырылған Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов қатысты.

Іс-шара барысында тараптар өзара іс-қимылды тереңдету мүмкіндіктерін қарастырып, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Өз сөзінде Қазақстан СІМ басшысы Орталық Азия мемлекеттері басшылары арасындағы саяси жігер мен тұрақты сенімді диалогтың нәтижесінде бесжақты форматтағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.

«Қазақстан өңірлік өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жолдарын қолдайды және Орталық Азияның саяси тұрақты, экономикалық орнықты әрі қауіпсіз дамуына мүдделі», – деп атап өтті Е.Көшербаев.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар 2025 жылғы 16 қарашада Ташкентте өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінің жетінші отырысының күн тәртібі мен қорытынды құжаттар топтамасын келісті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...