Роман Скляр жол апаттары мен өлім-жітімді азайту бойынша кеңес өткізді

Роман Скляр жол апаттары мен өлім-жітімді азайту бойынша кеңес өткізді

Үкіметте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша кезекті кеңес өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Түркістан облыстарында ауыр зардаптары бар жол-көлік оқиғаларының жоғары деңгейі сақталуда. Бұл өңірлерде жол апатынан болған өлім-жітім 56%-ды құрайды.

Статистика көрсеткендей, өлім-жітімнің ең көп саны халықаралық және республикалық жолдарда тіркеледі.  

Жол қозғалысын қадағалау мақсатында ІІМ бөлімшелері автоматты камералар, жылжымалы кешендер мен дрондар сияқты цифрлық шешімдер қолдануда.

Трассаларда орташа жылдамдықты бақылау 2 мың шақырым жолды қамтиды. Бұл тәжірибе ұзындығы 1 мың шақырымнан асатын 10 жолда кеңейтіліп жатыр (Көкшетау – Петропавл; Қызылорда – Арал; Қостанай – Троицк; Ақтөбе – Орынбор).

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаровтың айтуынша, жылдамдық режимін сақтау үшін ақылы учаскелерде орташа жылдамдық бақылау жүзеге асырылатынын баяндады. Онда 170 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған. Орташа жылдамдықты бақылауды енгізу жол-көлік оқиғаларының санын 8%-ға азайтуға мүмкіндік берді.

Ауа-райының қолайсыздығы кезінде жылдамдық режимін реттеу мақсатында 2025 жылы Астана – Щучинск және Астана – Теміртау учаскелерінде көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын шектеуге арналған 72 ауыспалы ақпарат белгісі орнатылды.

Жиын қорытындысы бойынша Роман Скляр жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...