Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады

Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады

Мемлекет басшысына аграрлық саланың биылғы он ай ішіндегі даму қорытындысы туралы баяндалды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, есепті кезеңде негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Өнім өндіруде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, ауыл шаруашылығы 8,2 триллион теңгеге жетіп 5,4 пайызға артса, азық-түлік 9 пайызға ұлғайып 3,1 триллион теңге болды. Ал агросектор тауарларының экспорты 4,7 миллиард долларға дейін өсті.

Президентке агроөнеркәсіп кешеніндегі жағдайды жақсарту үшін соңғы екі жылда қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, айналым қаражатын толықтыру және ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу үшін 5 пайыздық мөлшерлемемен тікелей несие беріле бастады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру көлемі 1 триллион теңгеге дейін ұлғайды. Оның 250 миллиард теңгесі ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдетілген лизинг беруге бағытталған. Биыл 25 мыңнан астам техника сатып алынды. Нәтижесінде машина-трактор паркінің тозу көрсеткіші 90 пайыздан 70 пайызға дейін төмендеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары қабылданады.

Саланы цифрландыру аясында «е-АӨК» бірыңғай цифрлық экожүйесін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл платформа субсидиялау, жер қорын басқару, егін, мал және балық шаруашылықтары бойынша көрсетілетін қызмет түрлерін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді ортақ цифрлық арнаға тоғыстырады.

Кездесу соңында Президент Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту бойынша берілген тапсырмаларды сапалы орындау қажет екеніне назар аударды. Сондай-ақ саланың тиімділігін арттыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...