Ұзақмерзімді және қайтарымды инвестициялар: Үкімет экономикалық тиімділігі жоғары жобаларды жүзеге асырады

Ұзақмерзімді және қайтарымды инвестициялар: Үкімет экономикалық тиімділігі жоғары жобаларды жүзеге асырады

Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутатының сұрақтарына жауап бере отырып, қарыз алу негізінен коммерциялық тұрғыдан тартымды әрі өзін өзі ақтайтын жобаларға тартылуы керектігін, олар кейіннен бюджетке кіріс алу арқылы пайдалану процесінде құрылысқа тартылған қарыздарға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Мысал ретінде қазірдің өзінде үлкен пайда әкеліп отырған автожол жобаларын айтуға болады. Өткен жылы бюджетке ақылы жолдардан 48 млрд теңге түскен болса, оның 10 млрд-ын транзитпен өтетін шетелдік көлікер төлеген. Ал осы жылдың 10 айында 72 млрд теңге кіріс келді, оның 17 млрд теңгесі – шетелдік автокөліктерден.

Олжас Бектенов Үкімет аталған жұмысты жалғастыратынын атап өтті. Бұл ретте жекелеген сарапшыларға қарыз қаражаты есебінен салынған нысандар беретін жалпы экономикалық әсерді ескеру маңызды.

«Жоғары сыныпты магистраль салынған жерде экономикалық белсенділік мүлдем басқа. Неге екені белгісіз, осы жол бойында 50 жанармай құю бекеті, 100 кафе салынғанын ескермейді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, төленген салықтар және экономикалық өсімге әкеледі. Мұндай инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция салынбаса, онда, әрине, даму да болмайды. Сондықтан біздің ойымызша, жоспарлы жұмсалатын қарыздар – экономикалық дамуға айтарлықтай әсер етеді. Біз қаражатты қандай жобаларға жұмсау керектігін мұқият қарайтын боламыз», — деп атап өтті Премьер-министр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...