Мемлекет басшысы Integra Construction KZ бенефициар меншік иесі Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады

Мемлекет басшысы Integra Construction KZ бенефициар меншік иесі Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және өндірістік, тұрғын үй, әлеуметтік нысандарды салу жөнінде баяндалды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Сондай-ақ Президентке компанияның құрылыс пен темір жол салаларында іске асырып жатқан халықаралық бастамалары туралы ақпарат берілді.

Мемлекет басшысы ел экономикасы үшін мәні зор жобаларды сапалы әрі уақтылы орындаудың маңызды екенін атап өтті.

Шахмұрат Мүтәліптің айтуынша, Integra Construction KZ бірқатар әлеуметтік жобаны қолға алған. Мәселен, компания Алматы қаласындағы «Бағанашыл» балалар үйін 5 миллиард теңге жеке қаражаты есебінен қайта жөндеуді бастады.

Сонымен қатар Президентке Қазақстан боксының қазіргі жай-күйі мен жетістіктері, оның ішінде ұлттық құраманың нәтижелері, 2028 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық жоспары мен келесі жылға қойылған міндеттер жайында мәлімет берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Минск қаласында (Беларусь Республикасы) ТМД Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңесінің XXIX сессиясында Қазақстан...

Нью-Йорк, 2026 жылғы 25 қыркүйек – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар...

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...