Шымкент: білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 4 бағытта жұмыс істеуде

Шымкент: білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 4 бағытта жұмыс істеуде

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Н.Шәмшиеваның қатысуымен брифинг өтті.

Онда Нұргүл Ақылбекқызы департамент тарапынан жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталды.

– Департаменттің жұмысын 4 негізгі бағытқа топтастыруға болады. Олар: білім беру қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу (жоспарлы және жоспардан тыс білім беру объектілеріне бармай және бару арқылы профилактикалық тексеру), педагогтардың және балалардың құқықтарын қорғау, білім беру қызметімен айналысу үшін лицензия және лицензияға қосымша беру, сондай-ақ, білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою, – деді Н.Шәмшиева.

Спикердің сөзінше, бірінші бағыт бойынша Департамент тарапынан осы жылдың ақпан-мамыр айларында өңірдегі білім басқармасына қарасты 21 мектеп және 1 колледжге профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, 22 мекемеде жалпы 181, оның ішінде 74 өрескел, 35 елеулі, 72 болмашы бұзушылық анықталған. Бұл кемшіліктердің көпшілігі, яғни, 148-і мекеме басшылары тарапынан болған. Ал жергілікті атқарушы органдар тарапынан 33 кемшілік жіберілгені анықталған. Барлық мекеме басшыларына кемшілікті жою үшін міндетті нұсқама берілген.

Сонымен қатар, ҚР БҒМ-і 2021 жылдан бастап Департаментке (ІІа) балалардың құқықтарын қорғау функциясын жүктеді. ҚР Білім және ғылым министрінің осы жылдың 2 сәуірдегі №142 «Баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша республикалық мониторингтік топ құру туралы» бұйрығына сәйкес барлық өңірде мониторингтік топтар құрылды. Өңірлік мониторингтік топтың құрамына білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандару басқармалары мен Полиция Департаменті, бала құқықтары мәселелерімен айналысатын ҮЕҰ-ның өкілдері кірді.

Айта кетейік, білім беру қызметімен айналысу үшін лицензия және лицензияға қосымшаны алу, қайта ресімдеу бойынша осы жылдың 1 жартыжылдығында 180 өтініш түскен. Оның 65-і қанағаттандырылып, 115-і бойынша бас тартылған. Ал Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша есепті кезеңде 172 өтініш түскен. Оның 161-і қанағаттандырылып, 11-нен бас тартылған, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында Қазақстан Үкіметі мен халықаралық іскер топтар...

Үкімет қаулысымен резервтен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы жылу магистралінің құрылысын аяқтауға шамамен 650 млн теңге бөлінді....