Шымкент: Кореялық «Hammsolz» компаниясы инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда

Шымкент: Кореялық «Hammsolz» компаниясы инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда

THE HAMMSOLz — парниктік газдар шығарындыларын азайту, полигондарды рекультивациялау және жаңғырту, сондай-ақ полигондық газды кәдеге жаратуға арналған жабдықтар мен инфрақұрылым бағытында жұмыс істейтін экологиялық технологиялар мен орнықты даму саласындағы компания.

Аталған компания Қазақстандық «Kazakhstan M-Gas» ЖШС арқылы құны 5 млрд теңге болатын биоэлектр станциясын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Жоба 2 МВт/сағ қуат орнатуды және 70 жұмыс орнын құруды көздейді.

Жобаны табысты жүзеге асыру үшін «Ақтас-1» қоқыс полигонына жақын орналасқан 1 гектар жер телімін бөлу қажет. Осыған байланысты, аталған жобаны қолдау мүмкіндігін қарастыру және жер телімін бөлу жөнінде мәселелер талқыланды.

Жобаның іске асырылуы өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және «жасыл» энергетиканы дамытуға елеулі үлес қосады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сатылым көлемі жоғары болғанымен, тауардың белгілі бір бөлігі кейін қайтарылса, кәсіпорынның нақты нәтижесі бастапқы көрсеткіштен өзгеше болуы...

Жаңа өнімді нарыққа шығару кәсіпкер үшін әрдайым белгілі бір тәуекелмен байланысты. Идея қызықты болғанымен, тұтынушының оған қалай қарайтынын алдын ала толық...

Бүгін Жапонияның Аичи префектурасындағы Миёси көліндегі есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті жүлде түсті,...