Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет Жезқазғандағы су мәселелерін шешуге 1,8 млрд теңге бөлді

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет Жезқазғандағы су мәселелерін шешуге 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет резервінен Ұлытау облысының сумен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражат Президенттің халықтың өмір сүру сапасын арттыру және ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауды аяқтауға бағытталған, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Жұмыс істеп тұрған кешен 1966 жылы пайдалануға берілді, жабдықтың тозуы 90%-ға жетті.

Қазіргі уақытта нысанда ұзындығы 4 шақырым инженерлік желілер (кәріз, жылумен жабдықтау, жарықтандыру) тартылып, трансформаторлық қосалқы стансалар мен тарату құрылғылары салынды. Сүзілген және ауыз суға арналған 4 резервуар реконструкцияланды және пайдалануға берілді, сорғы жабдығы жаңартылды.

Үкімет резервінен бөлінген қаражат нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, 2026 жылы жоспарлы пайдалануға мүмкіндік береді.

Жезқазғанның инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі жұмыс – халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша сапалы ауыз суға қолжетімділік: қалаларда – 99,4%, ауылдық елді мекендерде – 98%-ды құрайды.

100% көрсеткішке қол жеткізу үшін 2025 жылы Үкімет республикалық бюджетте 257 жобаны жүзеге асыруға 105,7 млрд теңге қарастырған. Бұдан бөлек, Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен 229 жобаны жүзеге асыруға қосымша 135,8 млрд теңге бөлінді.

Үкімет бөлінген қаражаттың уақтылы мақсатты игерілуін және Президенттің азаматтардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін жүргізілетін жұмыстардың сапасын бақылайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сатылым көлемі жоғары болғанымен, тауардың белгілі бір бөлігі кейін қайтарылса, кәсіпорынның нақты нәтижесі бастапқы көрсеткіштен өзгеше болуы...

Жаңа өнімді нарыққа шығару кәсіпкер үшін әрдайым белгілі бір тәуекелмен байланысты. Идея қызықты болғанымен, тұтынушының оған қалай қарайтынын алдын ала толық...

Бүгін Жапонияның Аичи префектурасындағы Миёси көліндегі есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті жүлде түсті,...