Басты мәселе – сыбайлас жемқорлықты алдын алу

Басты мәселе – сыбайлас жемқорлықты алдын алу

Бүгін ZOOM платформасы арқылы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынды аталған кеңестің төрағасы Тасқынбай Бүрлібаев жүргізді. Күн тәртібінде Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының аудан көлемінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оны алдын алу мақсатында атқарып жатқан жұмыстары мен «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысының есебі туралы екі мәселе қаралды.

Отырысқа партияның ауданық және қалалық филиалдар жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағалары мен мүшелері, партияның қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, партияның қалалық мәслихаттағы фракциясының жетекшісі әрі төрағаның орынбасары Бекайдар Төлегенов, партияның Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы Рашид Мыңбаев қатысты.

Отырыстың қорытындысы бойынша арнайы қаулы қабылданып хаттама түзілді. Қаулыға отырыста көтерілген ұсыныстар енгізілді.

Ұсыныстардың мерзімінде орындалуын бақылау үшін аталған қаулы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаевқа жолданатын болады, деп хабарлайды no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында Қазақстан Үкіметі мен халықаралық іскер топтар...

Үкімет қаулысымен резервтен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы жылу магистралінің құрылысын аяқтауға шамамен 650 млн теңге бөлінді....