Шиелі кентінде тұрғындарға жаңа үйдің кілті табысталды

Шиелі кентінде тұрғындарға жаңа үйдің кілті табысталды

Бүгін Шиелі кентіндегі «Шұғыла» мөлтек ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін салынған тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсімі өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты.

Облыстық мәслихат төрағасы жаңа үй иелеріне ізгі тілегін білдіріп, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын жеткізді.

«Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Кемелұлы баспана  жұртшылықтың тұрмыс сапасын танытатын маңызды көрсеткіш екенін атап өтті. Аймақта Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен, жерлестеріміздің бекем бірлігінің арқасында байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар іске асырылуда. Өңірдің сәулеттік келбеті күн сайын жаңарып келеді. Әрбір баланың шығармашылықпен, спортпен айналысуына мемлекет тарапынан барлық мүмкіндік жасалған.

«Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидаты ел дамуының темірқазығына айналды. Бұл халықтың ынтымағын нығайтып, мемлекеттің қуатын арттырады. Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру жолында Сыр жұртшылығы да бекем бірліктің, ерен еңбектің үлгісін көрсетуде.

Өңіріміздің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі қамтамасыз етілді. Кейбір көрсеткіштердің мәнін терең түсінуіміз қажет. Өйткені, ол – жай ғана статистика емес, жерлестеріміздің еселі еңбегінің жемісі.

Бүгін – мемлекеттің қолдауымен баспаналы болуға талап қылған әрбір отбасы үшін ерекше қуанышты күн! Жаңа үйлеріңіздің іргетасы берік, қабырғасы мығым, ішіндегі әр отбасының шаңырағы татулық пен берекеге толы болғай!», – деді М.Тлеумбетов.

Рәсімде Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен тұрғын үйді салған мердігер мекеме қызметкерлері Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Еңбек ардагері Т.Жағыпбаров жиналған жұртшылыққа бата берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...