Шымкентте республикадағы алғашқы әмбебап жедел қызмет кешендері ашылды

Шымкентте республикадағы алғашқы әмбебап жедел қызмет кешендері ашылды

Шымкент қаласында еліміз бойынша баламасы жоқ жаңа үлгідегі әмбебап жедел қызмет кешендерінің алғашқылары пайдалануға берілді. Бүгін Еңбекші ауданының Елтай тұрғын алабында өткен салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысты.

Министрдің айтуынша, мұндай кешендерді құру – Мемлекет басшысының нақты тапсырмасы және жедел қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Жаңа модель полиция, төтенше жағдайлар қызметі, өрт сөндіру және медициналық жедел жәрдем бөлімшелерінің бір нысанда шоғырланып, үйлесімді әрекет етуіне мүмкіндік береді. Интеграциялық тәсіл оқиға орнына жету уақытын қысқартып, ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтеді.

Елтай және Таскен шағын аудандарында ашылған модульдік кешендер осы заманауи талаптарға толық сай. Елтайдағы жаңа жедел қызмет бекеті 3309 шаршы метр аумақта орналасқан, жалпы жер аумағы — 7 мың шаршы метр. Кешен құрамына оқу мұнарасы, қызметкерлерге арналған кабинеттер, арнайы техникаға арналған бокстар мен маневр алаңы кіреді. Мұнда тәулік бойы шамамен 50 маман қызмет атқарады.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Шыңғыс Әрінов:

«Бірлесіп қызмет атқаратын депо алғаш рет ашылып отыр. Бұл – бүкіл елге үлгі боларлық бастама. Полиция, медицина, төтенше жағдайлар қызметі бір сапта тұрып, бір қауіпке бірге төтеп беруі – біздің басты қағидамыз. Қызметтеріңізге табыс тілеймін», – деді.

Жоба жергілікті бюджет есебінен небәрі алты айда жүзеге асырылып, қазіргі заман стандарттарына толық сәйкес жабдықталған. Кешен Елтай, Маятас, Тоғыс және Айнатас тұрғын алаптарында тұратын 25 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетеді.

Шара аясында төтенше жағдайлар жүйесінің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. ҚР Төтенше жағдайлар министрінің Алғыс хаты Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары мен қалалық басқарма басшыларына табысталды. Сонымен қатар, сала ардагерлері мен қызметкерлеріне ҚР ТЖМ-нің 30 жылдық мерекелік медалі берілді.

Жергілікті тұрғындар жаңа кешендердің ашылуын қала қауіпсіздігін арттыру жолындағы айтарлықтай белес деп бағалады. Қазығұрт тұрғын алабы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Батырхан Әшетов:

«Бұрын төтенше жағдай болғанда қызметтердің жетуіне біраз уақыт кететін. Енді бәрі бір жерден шығады. Айтып отырғандары – ең алыс нүктеге 7 минутта жету. Бұл – халық үшін өте құптарлық бастама», – деді.

Салтанатты рәсім лентаны қию және кешен жұмысын ресми түрде іске қосумен аяқталды. Қала әкімдігі жыл соңына дейін осындай тағы екі модульдік кешен ашуды жоспарлап отыр. Ал келесі жылы қосымша 7 нысанның құрылысы аяқталып, Шымкенттің жедел қызмет жүйесі толық жаңғыртылмақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...