Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Президенттер екіжақты ықпалдастық қарқынды түрде дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Сонымен қатар жоғары деңгейде, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 21-22 тамызда Қырғызстанға жасаған ресми сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, бауырлас қырғыз халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентінің екі елдің достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастығын кеңейтуге қосқан елеулі үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...